Мазмұнға өту

Министрлік 3922 блокқа барлау лицензиясына өтінім қабылдайды

Өтінімдер тек онлайн қабылданады, оларды тапсыруға 15 жұмыс күні беріледі.

Министерство промышленности и строительства принимает заявки на разведку 3922 участков недр

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 6 қарашадан бастап қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алуға өтінім қабылдайды. Барлауға жаңадан босаған 3922 блок ұсынылып отыр.

Өтінімдер жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы minerals.e-qazyna.kz арқылы беріледі. Оларды қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тапсыруға болады.

Рәсім «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 189-1-бабында белгіленген тәртіппен өтеді. Бұл туралы министрлік хабарлады.

Жер қойнауын пайдалану лицензиялары Қазақстанда цифрлық форматта ресімделеді. Министрлік бұған дейін 5,5 мыңнан астам лицензия мен келісімшарт цифрландырылғанын, өтінім беруден бастап құжат алғанға дейінгі бүкіл жол бір платформада өтетінін хабарлаған. Сонымен қатар ведомство жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бағдарламасы бойынша перспективалы учаскелер дайындап жатыр. Оларды 2027 жылдан бастап аукционға шығару жоспарланған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз