Мазмұнға өту

ҚПЛ-дың екі дүркін чемпионы Манзорро мансабын аяқтады

Француз жартылай қорғаушысы кәсіби футболдағы 14 жылында 298 матч ойнап, 42 гол соқты және бес трофей жеңіп алды.

Французский полузащитник Жереми Манзорро

Қазақстан чемпионатында екі рет жеңіске жеткен француз жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. 34 жастағы футболшы бұл шешімін Instagram парақшасында жариялады.

Манзорро кәсіби футболдағы 14 жылын қорытындылады: 298 матч, 42 гол, 44 нәтижелі пас және бес трофей. Ол клубтарға, серіктестеріне, жанкүйерлер мен отбасына алғыс айтып, ештеңеге өкінбейтінін жазды. «Бір тарау аяқталып, екіншісі басталады», – деді француз футболшысы.

Манзорро қоштасу үндеуін Instagram парақшасында жариялады:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Жартылай қорғаушы мансабының ең табысты кезеңін Қазақстанда өткізді. Ол Павлодардың «Ертісінде», Қарағандының «Шахтерінде», Қостанайдың «Тоболында» және елорданың «Астанасында» ойнады. Манзорро «Тобол» сапында 2021 жылы Суперкубок пен ел чемпионатын ұтты, ал бір маусымнан кейін «Астанамен» ҚПЛ-дың екінші алтынын алды.

Францияның «Реймс» клубының түлегі Қазақстанға келгенге дейін Болгария, Кипр, Иран және Литва клубтарында ойнаған. «Астанадан» кейін ол Польшаның «Сандецья» клубында, Үндістанның «Джамшедпур» және «Мумбаи Сити» командаларында өнер көрсетті. Мансабындағы соңғы клубы – Белградтың ИМТ командасы.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз