Мазмұнға өту

Ризабек Айтмұхан тізесіне ота жасатты

Мәскеудегі клиника Instagram парақшасында спортшының отаға дейінгі жағдайы мен ота барысын көрсететін бейне жариялады.

Казахстанский борец вольного стиля Ризабек Айтмухан

Қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан Мәскеудегі клиникалардың бірінде тізесіне ота жасатты. 2023 жылғы әлем чемпионы жарақатты Астанада өткен әлем чемпионатында алды, онда ол 97 кг салмақта күресті.

22 жастағы спортшының тізесі турнирдегі алғашқы белдесуде-ақ ауыра бастаған. Чемпионаттан кейін дәрігерлер МРТ нәтижесін зерттеп, хирургиялық араласусыз болмайтынын анықтады. Қалпына келу мерзімі әзірге айтылмады.

Айтмұхан — Қазақстанның еркін күрес құрамасының көшбасшыларының бірі. Ол 2023 жылы Белградта 92 кг салмақта әлем чемпионы атанды, 2024 жылы U20 және U23 жас санаттарындағы әлем чемпионаттарында топ жарды, ал Азия чемпионаттарында қатарынан үш рет күміс медаль алды.

Астанадағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан іріктеу кезеңінде Абдулрашид Садулаевқа 1:4 есебімен жеңілді. Жұбаныш белдесулері арқылы қола үшін күресу мүмкіндігі ресейлік балуанның финалға шығуына байланысты еді, алайда Садулаев ширек финалда Кайл Снайдерге есе жіберді, сөйтіп Айтмұхан турнирден шығып қалды. Бұған дейін осы маусымда қазақстандық Жапониядағы Азия ойындарында ширек финалдан әрі өте алмаған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз