Мазмұнға өту

Алматыда 220 кВ кабель зақымдалып, көлік қозғалысы шектеледі

Зақымдалған желі «Ерменсай» мен «Бесағаш» қосалқы станцияларын байланыстырады, сондықтан қаланың айналмалы энергожүйесі уақытша тұйықталмаған схемамен жұмыс істеп тұр.

Аварийный ремонт электросетей в Медеуском районе Алматы

Алматының Медеу ауданында 31 қазаннан 7 қарашаға дейін Ұлар көшесінен Ладушкин көшесімен қиылысқа дейінгі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі. Себебі – Ладушкин көшесіндегі №125 үйдің маңында жол астынан өтетін №2353 жоғары кернеулі 220 кВ жерасты кабель желісі зақымдалған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға сілтеме жасап хабарлады.

Желі қаланың айналмалы электрмен жабдықтау жүйесіне кіреді және «Ерменсай» мен «Бесағаш» қосалқы станцияларын жалғайды. Кабель қалпына келтірілгенше жүйе уақытша тұйықталмаған схемамен жұмыс істейді, сондықтан оның басқа бөліктеріне түсетін жүктеме артады.

Зақымдалған жерге жету үшін энергетиктер жол жамылғысын және кабель төселген бетон науаны ашады. Жөндеуден кейін желі сынақтан өтіп, содан соң ғана іске қосылады. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүреді, ал олар аяқталған соң жол жамылғысы толық қалпына келтіріледі.

Жүргізушілерге шектеулерді ескеріп, жол бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

«Алатау Жарық Компаниясы» – Алматы мен Алматы облысының электр желілеріне қызмет көрсететін электр желісі компаниясы.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз