Air Astana Airbus A321LR ұшақтарына жоғары жылдамдықты спутниктік Wi-Fi орната бастады. Борттық интернеті бар алғашқы рейсті EI-KGB тіркеу нөмірлі лайнер 29 қазанда Алматы – Ташкент бағыты бойынша орындады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
2027 жылғы 31 қаңтарға дейін борттағы интернет барлық жолаушыға тегін. 1 ақпаннан бастап шарттар өзгереді: Wi-Fi бизнес-класс жолаушылары мен Nomad Club бағдарламасының Gold және Diamond мәртебесі бар қатысушылары үшін ғана тегін болып қалады. Nomad Club-тың барлық деңгейдегі қатысушылары мессенджерлерді тегін пайдалана алады. Қалған жолаушыларға ақылы интернет-пакеттер ұсынылады, олардың бағасы әзірге айтылған жоқ.
Жүйе халықаралық спутниктік байланыс провайдері SES-пен бірлесіп орнатылып жатыр. Құрылғыларды авиакомпанияның өз техникалық мамандары компанияның техникалық базасында монтаждайды. Қалған A321LR ұшақтары 2027 жыл бойы кезең-кезеңімен жабдықталады.
Жобаны Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Көлік министрлігі қолдап отыр.



