Мазмұнға өту

Дональд Трамп кіші Алғыс айту күнгі Netflix жазбасына ашуланды

Daily Mail есебінше, Netflix роликін тоғыз сағатқа жетпей 8,7 млн-нан астам рет қараған.

Бриттани Сноу и Малин Акерман в сериале «Жёны на охоте» (The Hunting Wives)
Фото: Netflix

АҚШ президентінің ұлы Дональд Трамп кіші Netflix-ті 26 қарашада, Алғыс айту күні X желісінде жарияланған «The Hunting Wives» сериалының промосы үшін сынға алды. Бриттани Сноу мен Малин Акерман сомдаған кейіпкерлер төсекте құшырлана сүйісетін роликтің астына ол X-те: «Сендерге не болған??? Бүгін Алғыс айту күні» деп жазды.

Netflix екінші маусымнан 16 секундтық үзіндіні «this Thanksgiving plate» – «Алғыс айту күнгі міне, осындай тағам» деген жазумен жариялаған. Екінші маусымның өзі де сол күні, сегіз сериясымен бірден шықты. Daily Mail есебінше, роликті тоғыз сағатқа жетпей 8,7 млн-нан астам рет қараған, ал Трамп кіші оған жарияланғаннан шамамен төрт сағат өткен соң жауап берген.

Трамп кішінің Netflix жазбасының астына қалдырған жауабы осындай:

https://x.com/DonaldJTrumpJr/status/2126042335741927488

Жазба тез тарады, бірақ пікір қалдырғандардың көбі стримингті жақтады. Бір қолданушы: «САҒАН не болған??? Бұл – АМЕРИКА» деп жауап берді, тағы бірі: «Трамптардың бірі өзін моральдық тұрғыдан жоғары қойғысы келгенде, бұл өте күлкілі» деп жазды. Көпшілік Дональд Трамптың өзі Алғыс айту күні Truth Social-да қарсыластарына шабуыл жасаған ұзақ жазба жариялағанын еске салды. Трамп кішімен келіскендер де болды: «Құдай-ау, мен сізбен келісіп отырмын… Netflix, сендер тым асыра сілтедіңдер». Консервативті қолданушылардың бір бөлігі стримингке жазылудан бас тартуға шақырды.

«The Hunting Wives» – Мэй Коббтың романы бойынша түсірілген триллер. Pitch Perfect фильмдерімен танымал Бриттани Сноу Бостоннан Техастағы шағын қалаға көшіп келіп, жергілікті ақсүйек әйел Маргомен жақындасатын Софи рөлін сомдайды. Марго рөлін Watchmen мен Billions жобаларынан белгілі Малин Акерман ойнайды. Сериал Starz арнасы үшін түсірілген, бірақ 2025 жылғы шілдеде Netflix-те шығып, хитке айналды, ал қазанда стриминг оны үшінші маусымға ұзартты. Дональд Трамп кіші 48 жаста, ол – АҚШ президентінің үлкен ұлы.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз