PFL-дің жеңіл салмағындағы жеңіліс көрмеген чемпионы Усман Нұрмағамедов Instagram парақшасында туған ағасы Ұмармен бірге түскен суретін жариялады. Ұмар — UFC-тің ең жеңіл салмағындағы бұрынғы титул үміткері. Сурет 24 қарашаға қараған түні шықты.
«Сықырласақ та, жүріп келеміз», — деп жазды Усман суретке.
Бұл — Абу-Дабидегі оқиғадан кейін бауырлардың алғашқы жарияланымдарының бірі. 11 қарашада RAF турнирі алдында қонақүйде Усман мен Ұмар клубтастарымен бірге UFC-тің бұрынғы чемпионы, грузин Мераб Двалишвили және оның досы, балуан Саба Лазишвилимен төбелескен. Оқиғаға қатысқандардың бәрі ұсталып, Усман алты ай бас бостандығынан айыруға және 300 мың дирхам айыппұлға кесілді. Алайда 17 қарашада айыпталушылар бостандыққа шығарылды.
Жанжал ММА әлемінде әлі талқыланып жатыр. Ислам Махачев жерлестерінің әрекетін ақтауға тырысса, Алджамейн Стерлинг пен Исраэль Адесанья Нұрмағамедовтар командасын сынады. UFC ардагері Брендан Шауб тіпті ұйымға Усманмен келісімшарт жасап, оны бірден бір жылға жарыстан шеттетуді ұсынды.
Усман Нұрмағамедов кәсіпқой мансабында бірде-бір жекпе-жекте жеңілмеген. Ұмар мен Двалишвилидің бәсекесі бұрыннан бар: 2025 жылғы қаңтарда ол ең жеңіл салмақтағы UFC белбеуі үшін жекпе-жекте грузинге жол берген.



