Мазмұнға өту

Тапалов «Қайраттағы» соңғы матчында жеңісті голды соқты

33 жастағы қорғаушының екі маусымнан кейін клубтан кететінін алғаш AmanVIBE телеграм-арнасы хабарлады.

Защитник «Кайрата» Еркин Тапалов после гола в ворота «Мьельбю»
Фото: ФК «Кайрат»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов Конференциялар лигасында «Қайрат» пен Швецияның «Мьельбю» командасы арасындағы матчта (1:0) жалғыз голды соқты, ал бұл ойын ол үшін алматылық клуб сапындағы соңғы кездесу болды. 33 жастағы футболшы 14-минуттағы голын ерекше атап өтіп, ойыннан кейін оны сүйіктісіне арнағанын айтты.

«Мұнда мағына көп шығар, өйткені бұл менің соңғы ойыным еді. Гол соғу бұйырды. Биыл гол соққан жоқпын, көбіне гол пас бердім. Бүгін гол соға алдым, Жаратқанға шүкір. Бұл қуанышымды сүйіктіме арнадым. Мен «А» әрпін көрсеттім. Әрі қарай… футбол кулуарында білетін адам біледі», — деді Тапалов Sportarena.kz тілшісіне «қоңырау» белгісімен атап өткен қуанышы туралы сұраққа жауап бере отырып.

Тапаловтың «Қайраттан» кететінін 26 қарашада таңертең AmanVIBE телеграм-арнасы хабарлаған: «»Қайраттың» қорғаушысы Еркін Тапалов бүгін алматылық клуб жейдесімен соңғы матчын өткізеді. 33 жастағы футболшы «Қайрат» сапында екі маусым ойнағаннан кейін командадан кетеді». Оның қай клубқа ауысатыны әзірге белгісіз. Арнаның жазбасы төменде.

Тапаловтың голы «Қайратқа» еурокубоктардың негізгі кезеңіндегі тарихи алғашқы жеңісті әкелді: оған Марк Гуаль пас берді, ал қорғаушы бірден алыс бұрышқа соқты. Осы маусымда Тапалов алматылықтар сапында барлық турнирде 39 матч өткізіп, бес нәтижелі пас берген, ал «Мьельбю» қақпасына соққан голы ол үшін биылғы алғашқы гол болды.

«Қайратқа» дейін ол «Тобыл», «Қызыл-Жар», «Тұран», «Ақжайық», «Шахтер» (Қарағанды), «Каспий» және «Жетісу» клубтарында ойнаған, ал 2019 жылдан бері Қазақстан құрамасына шақырылып жүр.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз