Мазмұнға өту

Yonex Рыбакинаның суреті мен «Нью-Йорк чемпионы» жазуы бар футболка шығарды

Қазақстандық теннисші қыркүйекте US Open-ді, қаңтарда Australian Open-ді ұтты.

Елена Рыбакина в офисе Yonex в Токио
Фото: Instagram Yonex Tennis

Жапониялық Yonex бренді әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның суреті басылған футболка шығарды. Футболканың алдыңғы жағында «Нью-Йорк чемпионы» деген жазу да бар, деп хабарлайды «Чемпионат».

Рыбакина қыркүйекте Нью-Йоркте US Open-ді ұтып, қаңтарда Australian Open чемпионы атанды – енді оның есебінде «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш титулы бар. Биылғы маусымда қазақстандық теннисші Нинбо мен Штутгарттағы WTA 500 турнирлерінде де жеңіске жетіп, әлемдік рейтингтің бірінші орнына көтерілді. Ол WTA-2026 қорытынды турниріне жолдама алғанымен, ауырып қалуына байланысты одан бас тартты.

Yonex – Рыбакинаның экипировка серіктесі. 23 қарашада бренд теннисшінің Токиодағы кеңсесіне келген сәтінен суреттер жариялады. «Елена Токиодағы кеңсемізге соғып, біз оның маусымына бірге көз жүгіртіп, ерекше жетістігін бірге атап өттік», – деп жазды Yonex Tennis. Жарияланым:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Маусым аяқталғаннан кейін Рыбакина Қазақстанға оралды – Алматы әуежайында оны бауырсақпен қарсы алды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз