Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

Сабырхан Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа өтіп, Головкиннен аспақ

Әлем чемпионы үйлену тойын да Лос-Анджелес Олимпиадасынан кейінге қалдырды.

Казахстанский боксёр Торехан Сабырхан
Фото: пресс-служба Казахстанской федерации бокса

Әлем және Азия ойындарының чемпионы Төрехан Сабырхан 2028 жылғы Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа өтетінін растап, Геннадий Головкиннің жетістіктерінен асып түсуді мақсат етіп отырғанын айтты. Боксшы бұл туралы Sport Talks Podcast подкастына қазақ тілінде берген сұхбатында мәлім етті.

Олимпиадада жеңіске жетсе, кәсіпқой боксқа өту туралы шешімі түпкілікті ме деген сұраққа Сабырхан иә деп жауап берді. Оның айтуынша, ол бала кезінен ағасы Махмұд сияқты чемпион болуды армандаған. Боксшы бүкіл әлем танитын Головкиннің кәсіпқой бокста өзін дәлелдегенін атап өтіп, одан асып түсуді мақсат етіп отырғанын жеткізді. Алайда мұның бәрі Олимпиададан кейін болатынын айтты.

Боксшы үйленуді де Ойындармен байланыстырды. Ағасының үлгісімен Олимпиадаға дейін үйленбек емес пе деген сұраққа Сабырхан Алла қаласа, Олимпиада ойындарынан кейін үйленетінін айтты.

Сабырханмен подкасттың толық шығарылымы Sport Talks Podcast YouTube-арнасында жарияланды:

Сабырхан — Қазақстан бокс құрамасының көшбасшыларының бірі. Ол 2025 жылы әлем чемпионы атанып, 2026 жылғы Азия ойындарында ерлер боксынан елге 12 жылдағы алғашқы алтынды әкелді. Боксшы — жасөспірімдер мен жастар арасында тарихтағы тұңғыш төрт дүркін Азия чемпионы, World Boxing рейтингінде 70 келіге дейінгі салмақта бірінші орында тұр. Лос-Анджелес Олимпиадасы 2028 жылғы 14–30 шілдеде өтеді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз