Ресейлік хоккей журналисі Алексей Шевченко өзінің Telegram-арнасында «Северсталь» бас бапкері Андрей Козыревті «Барысқа» қарсы қонақтағы ойынға ұлы Марк Козыревті құрамға қосқаны үшін сынады. Дәл Марк Козыревтің айыппұл алуы астаналықтардың жеңіс шайбасына жол ашты — 25 қарашада «Барыс» 2:1 есебімен жеңді.
«Марк Козыревтің айыппұлы, одан кейін Барыс жеңіс шайбасын соқты. Бірақ мәселе жеңісте емес, ұлына демеушінің есебінен ойнап алуға мүмкіндік беруде ғой», — деп жазды Шевченко. Эпизод екінші кезеңде болды: кіші Козырев «Барыс» хоккейшісі Әлихан Өмірбековтің бетіне таяқпен ұрып, айып орындығына жөнелтілді. Көпшілік құрамды Джастин Бэйли пайдаланып, оның шайбасы жеңісті болды.
Шевченконың эпизод бейнесі бар жазбасы:
Бұл жеңіс «Барыстың» қатарынан үш жеңілісіне нүкте қойып, Батыс конференциясы көшбасшыларының бірі «Северстальдің» алты матчтық жеңіс сериясын үзді. Астаналықтар Шығыста плей-офф аймағына оралды. «Барыс» келесі матчын 27 қарашада Санкт-Петербургте СКА-ға қарсы өткізеді.



