Мазмұнға өту
2026 жылғы 24 қараша, сейсенбі

«Челси» жанкүйерлердің балағат әндері үшін 150 мың фунт айыппұл төлейді

Айыппұлға бір жылға жуық бұрын «Чарльтонмен» кубок ойынында жанкүйерлердің католиктерге және ирландтарға қарсы әндері себеп болды.

Стадион «Стэмфорд Бридж» в Лондоне
Фото: Wikimedia Commons

Англия футбол қауымдастығы «Челсиге» 150 мың фунт стерлинг, яғни шамамен 89,5 млн теңге айыппұл салды. Жаза өткен маусымда «Чарльтонға» қарсы Англия кубогы ойынындағы жанкүйерлердің әрекетіне байланысты, деп хабарлайды испаниялық Mundo Deportivo газеті. Айыппұлдан бөлек клубқа ескерту жасалып, іс-қимыл жоспарын орындау міндеттелді.

Федерация мәліметінше, «Челси» фанаттары католиктерге және ирландтарға қарсы әндер шырқаған, FA оларды орынсыз, қорлайтын және дін мен нанымға тиісетін деп таныды. Клуб айыпты мойындады, бірақ айыппұл мөлшерін даулауға тырысты. Реттеуші комиссия бұл уәжді қабылдамады: «Әндер шамамен бір минут қана естіліп, қайталанбаса да, оған қатысқандардың ауқымы маңызды ауырлататын мән-жайға айналды».

Англия кубогының үшінші раундындағы сол ойында лондондықтар «Вэлли» стадионында 5:1 есебімен жеңген. FA ол ойын бойынша шешімді бір жылға жуық уақыттан кейін шығарды.

Айыппұл Хаби Алонсо командасының спорттық қиындықтарына қосылды. Сенбіде «Челси» өз алаңында «Лидстен» 1:4 есебімен жеңіліп, 11 турдан кейін 16 ұпаймен Премьер-лигада сегізінші орында тұр.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз