Мазмұнға өту
2026 жылғы 24 қараша, сейсенбі

«Реал» Беллингеммен жаңа келісімшартқа жақын — The Athletic

Ағылшын жартылай қорғаушысы қазір Мадридте маусымына шамамен 15 млн еуро алады, ал жаңа келісім жалақыны айтарлықтай көтеруді көздейді.

Мбаппе,-Винисиус,-Беллингем:-«Реал»-объявил-состав-на-матч-с-«Кайратом»
Мбаппе, Винисиус, Беллингем: «Реал» объявил состав на матч с «Кайратом»

Мадридтің «Реалы» Джуд Беллингеммен ұзақ мерзімді жаңа келісімшарт жайында келіссөздердің соңғы кезеңінде. Бұл туралы 23 қарашада, дүйсенбіде, The Athletic журналисі Марио Кортегана хабарлады. Оның дерегінше, клуб келісімшартты ұзартқанын жыл соңына дейін жариялағысы келеді, бұл тіпті осы аптада болуы мүмкін.

23 жастағы жартылай қорғаушының қазіргі келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін жарамды. Жаңа келісім оның клубтағы мерзімін ұзартып, жалақысын айтарлықтай көтереді: қазір Беллингем маусымына салықсыз шамамен 15 млн еуро, яғни 7,5 млрд теңгеге жуық табыс табады. The Athletic жаңа келісімнің мерзімі мен сомасын атамайды, «Реал» келіссөздер жайлы ресми пікір білдірген жоқ.

Ағылшын футболшы ұзартулар легіндегі келесі ойыншы болуы мүмкін: соңғы бір аптада ғана мадридтіктермен Арда Гүлер, Орельен Тчуамени және жуырда Беллингемнің мінезі туралы айтқан Тибо Куртуа жаңа келісімшартқа қол қойды.

Осы маусымда Беллингем «Реалдың» бірде-бір ойынын жіберіп алған жоқ, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Жозе Моуриньо командасы қатарынан тоғыз рет жеңіске жетті, ал 24 қарашада, сейсенбіде, Чемпиондар лигасында ПСВ-ны қабылдайды.

Беллингем «Реалға» Дортмундтың «Боруссиясынан» 2023 жылдың жазында 103 млн еуроға ауысып, алты жылдық келісімшартқа қол қойған. Мадридтіктер сапында ол Чемпиондар лигасын, Испания чемпионатын, Испания Суперкубогын, УЕФА Суперкубогын және Құрлықаралық кубокты жеңіп алды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз