Мазмұнға өту
2026 жылғы 25 қараша, сәрсенбі

Australian Open Рыбакинаның Соболенконы жеңген финалын еске алды

Турнир ұйымдастырушылары екі теннисшінің бәсекесін әлем спортындағы ең шиеленісті тартыстардың бірі деп атады.

Елена Рыбакина и Арина Соболенко на Australian Open
Фото: Getty Images

Australian Open 2026 жылғы финал туралы бейнеролик жариялады. Сол ойында Елена Рыбакина Арина Соболенконы жеңіп, мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» атағын алған еді. Турнир бейнені Instagram-да 25 қарашада жариялады — Мельбурндағы жаңа маусымға бір жарым ай қалғанда.

«Бұл, бәлкім, әлем спортындағы ең шиеленісті бәсеке шығар: әйелдер теннисінің шыңында әлемдегі ең қуатты әрі ең жарылғыш екі теннисші бетпе-бет келді», — делінген роликте.

Ұйымдастырушылар финалда Соболенко фаворит саналғанын еске салды: ол әлемнің бірінші ракеткасы еді, өзара кездесулерде 8:6 есебімен алда тұрды және оған дейін Australian Open финалына қатарынан төрт рет шыққан. Рыбакина алғашқы сетте бірінші геймде-ақ қарсыласының берісін алып, сетті өз пайдасына шешті. Екінші сетте белорус теннисшісі бірінші берісте ұпайлардың 95 пайызға жуығын ұтып, есепті теңестірді. Шешуші партияда Соболенко 3:1 есебімен озып кетті, бірақ қазақстандық екі рет брейк жасап, 4:3 есебімен алға шықты да, сетті 6:4 есебімен эйспен аяқтады.

Роликте 2026 жылы бұл бәсеке жалғасқаны да айтылды: Соболенко Индиан-Уэллс финалы мен Майамидегі жартылай финалда Рыбакинаны жеңді, ал қазақстандық US Open финалында қарсыласын тағы ұтты.

Australian Open-2027 10–31 қаңтар аралығында өтеді. Рыбакина Мельбурнға жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы ретінде барады. Соболенко маусымды үшінші орынмен аяқтады, екінші орында — Мирра Андреева.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз