Мазмұнға өту
2026 жылғы 19 қараша, бейсенбі

«Астана» ФК жекешелендіріледі: министр жариялау мерзімін атады

«Астанадан» бөлек, 2026 жылдың соңына дейін елдегі тағы алты футбол клубы жеке иесін табуы тиіс.

Футболисты ФК «Астана» на тренировке
Фото: ФК «Астана»

«Астана» футбол клубын жекешелендіру туралы жақын күндері, мүмкін, келесі аптада жарияланады. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп хабарлайды «Курсив».

«Бүгін, мүмкін, келесі аптада — соңғы келісу жүріп жатыр, «Астана» клубын жекешелендіру туралы жариялаймыз», — деді министр. Қазақстанның жеті дүркін чемпионының жаңа иесі кім болатынын және ол қанша төлейтінін Мырзабосынов нақтыламады. Қазір елордалық клубты «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландырады.

Министр басқа командаларды жеке меншікке беру жұмысының барысы туралы да айтты. «Он үш футбол клубы коммерцияландырылды. Тағы алты клуб қалды. Осы жылдың соңына дейін бұл жұмыс аяқталады», — деп мәлімдеді Мырзабосынов.

Клубтарды жекешелендіруді жеделдетуді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте тапсырған еді, ол кезде жеке иесі бар команда небәрі төртеу болатын. Жаңа иелерін қазірдің өзінде, атап айтқанда, Қарағандының «Шахтері» мен Шымкенттің «Ордабасысы» тапты. «Астанаға» қатысты мәлімдеме қордың өзіндегі өзгерістермен тұспа-тұс келді: оның төрағасы Нұрлан Жақыпов 11 қарашада ұсталып, 14 қарашада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы бойынша күдікпен қамауға алынды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз