Мазмұнға өту
2026 жылғы 19 қараша, бейсенбі

Алматыда көліктің пайдаланылған газын жол үстінде өлшей бастады

Екі апталық сынақтың қорытындысы бойынша қалада шығарындыларды тұрақты бақылайтын бекеттердің орны таңдалмақ.

Оборудование для замера выхлопа автомобилей у дороги в Алматы
Фото: акимат Алматы

Алматыда көліктің пайдаланылған газын тоқтатпай-ақ, жол үстінде өлшейтін жүйені сынай бастады. Испаниялық OPUS компаниясының тасымалы жабдығы қаланың әр ауданындағы жолдарға қойылып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады. Әзірге бұл тек технологияны сынау.

OPUS RSE жүйесі өтіп бара жатқан көліктің пайдаланылған газымен қанша ластаушы зат шығатынын нақты көрсетеді. Сынақ үшін компания RSD6000 құрылғысын берді. Өлшеу екі апта ішінде 12 күнге есептелген, ал жүйенің көлігі көп жолда да, аз жолда да қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін құрылғының орны күн сайын ауыстырылады. OPUS өкілі жабдықты қадағалап, оны калибрлейді және алынған деректерді тексереді. Бұған дейін технологияны енгізу жөнінде испаниялық компаниямен «Eco Almaty» ЖШС мамандары келіссөз жүргізген.

Алматыда жол бойындағы шығарындыларды өлшейтін RSD6000 құрылғысы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сынақтан кейін мамандар қаладағы көліктер қанша зиянды зат шығаратынын талдап, көрсеткіштерді халықаралық деректермен салыстырады және ең «лас» көліктерді анықтайтын өлшемшарттар ұсынады. Сонымен қатар тұрақты бақылауға арналған жабдықты қай жерге орнату керегі анықталады. «Пилоттық жобаның нәтижелері технологияның тиімділігін және оны Алматыда автокөлікті экологиялық бақылауға әрі қарай қолдану мүмкіндігін бағалауға көмектеседі. Пилот тек зерттеу сипатында жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті әкімдікте.

Экология басқармасының дерегінше, Алматыдағы барлық шығарындының 60%-ға жуығы көліктердің үлесінде — жылына шамамен 113 мың тонна. Қыста оған көмір мен отын жағып жылытылатын жеке үйлердің түтіні қосылады, ал таулар ауаның таралуына кедергі келтіретіндіктен, қала үстінде смог ұзақ тұрып қалады. Алматының орталығында Бөгенбай батыр көшесі, Абай даңғылы, Желтоқсан көшесі мен Достық даңғылының аралығында шығарындысы төмен пилоттық аймақ жұмыс істеп тұр, бірақ онда әзірге шектеу де, айыппұл да жоқ.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз