Мазмұнға өту
2026 жылғы 19 қараша, бейсенбі

Ахмедов IBA Pro-дағы алғашқы жекпе-жегін Лубковичпен өткізеді

Ресейлік боксшы үшін бұл кездесу тамызда жеңіс сериясын үзген өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевтан жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жек болады.

Казахстанский боксёр Садриддин Ахмедов
Фото: Sports.kz

Жеңілмеген қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақта өнер көрсететін Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) 4 желтоқсанда Ыстамбұлда ресейлік Сергей Лубковичпен (20-1-2, 12 КО) жұдырықтасады. Кездесу Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) кәсіпқой жобасы IBA Pro ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді, қазақстандық боксшы қатысатын шоуды қауымдастықтың өзі ресми түрде жариялады. «Солдат Q» лақап атымен танымал Ахмедов үшін бұл IBA Pro-дағы алғашқы жекпе-жек әрі бір жарым жылдан астам үзілістен кейін рингке оралуы болмақ.

IBA турнир анонсын Instagram парақшасында жариялады:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Қазақстандықтың қарсыласы соңғы рет 14 тамызда Набережные Челныда өткен IBA.PRO 20 турнирінде рингке шықты. Сол жолы Лубкович төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілмеген өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевқа (9-0, 5 КО) есе жіберді. IBA атап өткендей, бұл жеңіліс оның жеңіс сериясын үзді.

Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы сәуірде Калифорниядағы Коммерс қаласында өткізген: мексикалық Элиас Эспадаспен кездесу тең нәтижемен аяқталып, қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы алғашқы сүрінісі болды. Сол жылдың жазында ол тамызда Санта-Инезде рингке оралатынын хабарлаған еді, бірақ ол жекпе-жек өтпей қалды.

Қараша айында боксшы IBA.Pro-мен бірнеше жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін ол Геннадий Головкин жұмыс істеген командамен — промоутер Том Леффлер және жаттықтырушы Абель Санчеспен жолын айырған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз