Мазмұнға өту
2026 жылғы 19 қараша, бейсенбі

Нұрғожай Дохадағы турнир алдында UFC-мен келісімшартын ұзартты

Қазақстандық жекпе-жекшінің айтуынша, жаңа шарттар бұрынғыдан жақсы, бірақ келісімнің сомасын ол жария етпеді.

Казахстанский боец UFC Дияр Нургожай
Фото: UFC

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойды — ол төрт жекпе-жекке жасалған. Бұл туралы ол «эмэмашное чтиво» YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Жаңа келісім бойынша алғашқы жекпе-жек осы сенбіде, 21 қарашада, Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде болады: қазақстандықтың қарсыласы — лигаға алғаш шығатын америкалық Алик Лоренц.

«Келісімшарт төрт жекпе-жекке ұзартылды. Бұған дейін де менің келісімшартым төрт жекпе-жекке болған», — деді Нұрғожай. Оның сөзінше, лига оны формасын қалпына келтірген соң ростерде қалдырды: «Иә, сәтсіздіктер сериясы болды, бірақ қазір жақсы қарқын алдым. Мен бұл торды, атмосфераны сезіндім, осыған толықтай берілдім. Келісімшартты сол себепті ұзартты. Менің ойымша, осында жұдырықтасуға лайық екенімді барынша дәлелдеп, бәріне көрсетемін».

Жекпе-жекші келісімнің сомасын айтпады. «[Келісімшарттың] шарттары жақсарды, бұрынғыдан жақсы. Мұны қатты жария етудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрине, бұл қандай да бір ақылға сыймайтын үлкен ақша емес», — деп түсіндірді ол. Нұрғожай сөзін былай жалғады: «Бұрын ескі келісімшартпен дайындыққа көбірек кететін. Бұл келісімшартпен, менің ойымша, Штаттарда ұзақ уақыт жүрген кезде шығынды шамамен жаба аламын. Тұрғын үй, көлік, тамақ — мұның бәрі ақша».

Нұрғожайдың толық сұхбаты — «эмэмашное чтиво» YouTube-арнасында:

Дохадағы жекпе-жек қазақстандық үшін UFC-дегі бесінші кездесу болады. Қазір Нұрғожайдың есебінде 12 жеңіс пен 2 жеңіліс бар, лигада — 2–2: екі сәтсіздіктен кейін ол қатарынан екі рет жеңді, соңғысы — 8 тамызда Лас-Вегаста техникалық нокаутпен. Лоренц (8–2) кәсіби мансабында төрешілер шешімімен бірде-бір рет жеңбеген: жеті жеңісі нокаутпен, біреуі — қарсыласын берілуге мәжбүрлеу арқылы.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз