Мазмұнға өту

Қырғызстан: президенттікке алты үміткер қажетті қолды жинады

Тіркелу үшін қолдың өзі жеткіліксіз: үміткер мемлекеттік тілді білетінін растап, 1 млн сом жарна енгізуі керек.

В Центризбиркоме Кыргызстана перед выборами президента 27 января 2027 года
Фото: 24.kg

Қырғызстанда президент лауазымына үміткер 11 адамның алтыншысы кандидат ретінде тіркелуге қажетті қолдарды жинады. Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы депутаты Бактыбек Калмаматовты 27 қарашадағы жағдай бойынша 30 440 сайлаушы қолдады, деп хабарлайды 24.kg электрондық қол жинау жүйесінің деректеріне сілтеме жасап. Сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.

Сол күні Орталық сайлау комиссиясы қаржы полициясының бұрынғы басшысы Сыймык Жапыкеевті қолдап жиналған қолдарды тексерді. Сайлау құжаттарын қабылдау және тексеру жөніндегі жұмыс тобы 31 140 қолды жарамды деп танып, үміткерге тексеру нәтижесі туралы анықтама берді. Қолдар автоматтандырылған жүйе арқылы жиналған, сондықтан олар сол жүйенің деректерімен салыстырылды.

Калмаматов пен Жапыкеевтен бөлек, 26 қарашадағы дерек бойынша 30 мың қол шегінен мына үміткерлер өтті:

  • Садыр Жапаров – 60 мың, бұл ОСК-ға тапсыруға болатын ең көп қол саны;
  • Исхак Масалиев – 38 109;
  • Аймен Касенов – 37 046;
  • Клара Сооронкулова – 30 200.

Тіркелу үшін қолдың өзі жеткіліксіз: үміткерлер мемлекеттік тілді білетінін растап, 1 млн сом (шамамен 5,2 млн теңге) сайлау жарнасын енгізуі тиіс. Қол жинау 8 желтоқсанға дейін жалғасады, құжаттар 13 желтоқсанға дейін қабылданады, ал кандидаттарды тіркеу 23 желтоқсанда аяқталады. 30 мың қол жинай алмағандар кандидат ретінде тіркелмейді.

Қазақстанда тұратын Қырғызстан азаматтары да дауыс бере алады: ОСК мұнда алты сайлау учаскесін ашпақ. Шетелде қырғызстандықтар үшін барлығы 74 учаске ашылады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз