Мазмұнға өту

Қарауылкелдіде дауылдан зардап шеккен 32 отбасы жаңа үйге кірді

Тағы 42 үйдің кілті алдағы он күнде табысталады, сонда тұруға жарамсыз деп танылған 74 үйдің барлығы жаңасымен ауыстырылады.

Ключи от нового дома для семьи, пострадавшей от урагана в Байганинском районе

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында шілдедегі дауылдан баспанасыз қалған 32 отбасы жаңа үйлердің кілтін алды. Үйлер облыс әкімдігінің резервінен бөлінген қаражатқа салынды, деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі. Әр үйдің ауданы отбасының бұрынғы баспанасымен бірдей, үйлерге инженерлік желілер тартылып, электр мен су қосылды.

Тағы 42 жаңа үйді алдағы он күнде отбасыларға табыстау жоспарланған. Дауылдан кейін тұруға жарамсыз деп танылған 74 үйдің орнына барлығы жаңа үй салынды.

Зейнеткер Тұрсын Мәтекбаеваның айтуынша, апат жаздың жайма-шуақ күнінде кенеттен болған: дауыл, нөсер мен найзағай қатар соғып, жел есікті жұлып, төбедегі шиферді үйдің ішіне лақтырған. «Бірақ әйтеуір адам аман болғанына қуандық», – деді ол және отбасыларға жаңа баспананы тез алуға көмектескендердің бәріне алғысын білдірді.

Дауыл Қарауылкелдіге 9 шілдеде соғып, 314 тұрғын үйді бүлдірген. Оның 220-сының иесіне өтемақы төленді. Тоғыз әлеуметтік нысан да зардап шекті: мектептер мен балабақшалар жөнделіп, 1 қыркүйекке дейін ашылды, ал спорт кешеніндегі күрделі жөндеуді жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Тағы 28 кәсіпкерге келтірілген шығын облыстың төтенше резервінен өтелді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз