Ақтөбеде ескі бесқабатты үйдің тұрғындары жазда жүргізілуі тиіс болған шатыр жөндеуін әлі күтіп жүр. Әкімдіктің айтуынша, жұмысқа облыстық бюджеттен қаржы желтоқсанда түседі.
Тұрғындардың ҚТК телеарнасына айтуынша, үй 50 жылдан астам бұрын салынған, шатыры соңғы 10 жылдан бері ағады, кейбір пәтерлерді зең басқан. «20 қыркүйек те, 20 қазан да өтті, міне, 20 қараша, ештеңе күтіп ала алмадық. Жаңбыр, нөсер жауса, көктемде қар ерісе, подъездерде бөтелкелер тұрады. Адамдардың пәтерінде жарық жоқ. Менің пәтеріме су ағып тұр. Өз пәтерімде шалшық кешіп жүрмін!» дейді тұрғын Елена Артамонычева.
Үй қалалық жаңғырту бағдарламасына енгізілген. Смета бойынша шатырды жөндеуге 90 млн теңге бөлінуі тиіс, ал тұрғындар бағдарлама шартына сай бұл қаржыны жеті жыл ішінде бөліп қайтарады. Алайда жөндеу басталар алдында қаржының әлі түспегені белгілі болды.
«Жобалық-сметалық құжаттама, сараптама жасалды. Қазір облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Енді қаржыны желтоқсанда күтеміз. Содан кейін бұл үйді күрделі жөндеу мәселесін шешеміз», — деді Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ақнұр Қазбаева.



