Мазмұнға өту
2026 жылғы 23 қараша, дүйсенбі

Петропавлдағы ЖКО: Audi-мен соқтығысқан ВАЗ жолаушысы көз жұмды

Қаза тапқан әйелден бөлек, тағы үш адам, оның ішінде 36 жастағы жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, ал апаттың мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Скорая медицинская помощь в Петропавловске
Фото: пресс-служба Правительства РК

Петропавлда Валиханов пен Гашек көшелерінің қиылысында Audi A6 көлігімен соқтығысқан ВАЗ-2111 көлігінің 50 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмды. Апат 21 қарашада сағат 10:54 шамасында болған. Әйелдің қайтыс болғанын 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті хабарлады, деп жазады Петропавловск.news.

Жол-көлік оқиғасында барлығы төрт адам зардап шекті. Қаза тапқан әйелден бөлек, ВАЗ-2111 көлігінің 54 жастағы жүргізушісі, Audi көлігінің 29 жастағы жолаушысы және 36 жастағы жаяу жүргінші жарақат алды. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Апатқа кім кінәлі екенін полиция әзірге хабарламады. Соқтығыстың мән-жайы анықталып, ЖКО дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға және жолда сақ болуға шақырды.

ІІМ деректері бойынша, 2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандар саны 16%-ға азайған. Бұл туралы полиция 23 қарашада атап өтілетін Жол полициясы күні қарсаңында айтқан болатын.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз