Мазмұнға өту
2026 жылғы 23 қараша, дүйсенбі

Fitch «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ рейтингтерін сақтап қалды

Агенттік мемлекеттің қорға қолдау көрсетуін іс жүзінде кепілдендірілген деп санайтындықтан, қордың бағасы Қазақстанның егемендік рейтингіне теңестірілді.

Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Фото: «Самрук-Қазына»

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін BBB деңгейінде, ал «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының (ҚТЖ) рейтингін BBB- деңгейінде растады. Екі рейтинг бойынша да болжам — «Тұрақты». Бұл туралы 23 қарашада «Самұрық-Қазына» хабарлады. Екі баға да инвестициялық санатта қалып отыр.

Агенттіктің шешімі бұрынғыдай мемлекет қиын жағдайда екі компанияға да қолдау көрсетуі ықтималдығының жоғары екеніне негізделген. Қордың рейтингі егемендік рейтингке теңестірілген: Fitch мұндай қолдауды іс жүзінде кепілдендірілген (Virtually Certain) деп бағалайды. Агенттік мұны мемлекеттің «Самұрық-Қазынаның» жалғыз акционері екенімен, қор басшылығын өзі тағайындайтынымен және қорды стратегиялық міндеттерді шешуге пайдаланатынымен түсіндіреді.

ҚТЖ рейтингі бір саты төмен. Fitch темір жол операторына мемлекеттік қолдау көрсетілу ықтималдығын өте жоғары (Extremely Likely) деп бағалайды, ал компанияның мемлекет көмегін есепке алмағандағы өзіндік кредиттік профилі bb- деңгейінде. ҚТЖ «Самұрық-Қазына» арқылы толықтай мемлекетке тиесілі.

Fitch Қазақстанның егемендік рейтингін соңғы рет биылғы маусымда BBB деңгейінде, тұрақты болжаммен растаған. Қазан айында агенттік «Самұрық-Қазынаның» көлемі 1,5 млрд долларлық орта мерзімді ноттар бағдарламасына BBB рейтингін берді. Қор қазір жаңа басшысын күтіп отыр: директорлар кеңесін басқаратын Премьер-министр Олжас Бектенов қорға жақын арада жаңа басшы тағайындалатынын айтты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз