Таразда жүргізуші куәлігі жоқ Changan жүргізушісі көлігін айыптұрақтан алып қалмақ болды: хаттама толтырылғаннан кейін ол автокөлікті кілттеп, кетіп қалған. Бұл туралы Тараз қалалық полиция басқармасы хабарлады.
Көлікті патрульдік полиция қала көшелерінің бірінде тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде ер адамның көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды — ол жүргізуші куәлігін бұрын-соңды алмаған. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал полиция талабы бойынша көлік арнайы тұраққа жөнелтілуге тиіс еді.
Алайда бұдан жалтару мүмкін болмады. Полиция қызметкерлері эвакуатор шақыртып, Changan-ды айыптұраққа жеткізді.
Tengri Auto дерегінше, жүргізушіге 20 АЕК айыппұл салынды. 2026 жылы АЕК 4 325 теңге, яғни заң бұзушылық оған 86 500 теңгеге түсті, ал көліктің өзі айыптұрақта қалды.
Көлікті тоқтатқан сәттегі видеоны Тараз полициясы Instagram-да жариялады.
Полиция көлік басқару құқығынсыз рөлге отыруға болмайтынын, бұл үшін заңда жауапкершілік көзделгенін ескертті.



