BLACKPINK әншісі Лиса мен «Формула-1» бірлескен жоба дайындап жатыр: 16 қарашада олар тизер көрсетті — онда әншінің логотипі бар жарыс дулығасы бейнеленген. Бірлескен жобаның мән-жайы 19 қарашада, Лас-Вегас Гран-приінің демалыс күндері басталғанда ашылады, деп хабарлайды Yahoo Sports.
Тизерде күміс түсті металл шахмат өрнегі мен жылтырағы бар Bell дулығасы көрсетілген. Лисаның логотипінің қасында F1-дің ресми эмблемасы тұр, ал қызғылт әйнегінде Pretty. Fast. деген жазу бар. Тизерді «Формула-1»-дің ресми аккаунттары мен әншінің LLOUD компаниясы бір мезетте жариялады. Нақты не ұсынылатыны әзірге айтылмайды.
Instagram-дағы тизер:
Лисаның «Формула-1»-мен байланысы бұрыннан бар. 2024 жылы ол Майами Гран-приінің мәресінде шахмат жалауын сілтеген алғашқы K-pop жұлдызы атанды, ал 2025 жылы жарысқа тағы келді. Қазір әнші Лас-Вегаста жүр: онда оның K-pop тарихындағы алғашқы Viva La Lisa резиденциясы өтіп жатыр.
Лиса — әлемдегі ең танымал K-pop қыздар тобы BLACKPINK-тің мүшесі әрі жеке әнші. Сол күні YG Entertainment агенттігі BLACKPINK-ті өз әртістерінің тізіміне енгізбегені белгілі болды: агенттік топтың бірлескен қызметі әлі талқыланып жатқанын түсіндірді.



