Мазмұнға өту
2026 жылғы 16 қараша, дүйсенбі

BTS әншісі Джей-Хоуп иттер баспанасына бірнеше жыл жасырын көмектескен

Баспана қызметкерінің Yonhap агенттігіне айтуынша, Джей-Хоуп биыл мамырда да ит жемін жіберген.

Джей-Хоуп из BTS
Фото: Yonhap

BTS тобының әншісі Джей-Хоуп 2022 жылдан бері Пусандағы Имгок қаңғыбас иттер баспанасына көмектесіп, оған әлі күнге дейін жем жіберіп тұрады. Бұл туралы 16 қарашада баспана қызметкеріне сілтеме жасап Yonhap агенттігі хабарлады. Әнші бұл көмегін жария етпеген: ол туралы әлеуметтік желідегі жазбалардан кейін қайта сөз бола бастады.

Қызметкердің айтуынша, баспанада жем таусылуға жақындағанда әншінің командасы өзі хабарласады. «Жем таусылар кезде Джей-Хоуп жағы хабарласып, жем жіберіп тұрады, тағы бір нәрсе керек болса, кез келген уақытта хабарласыңыздар деді», — деді ол Yonhap агенттігіне. «Биыл мамырда да жем алдық», — деп қосты қызметкер.

Бәрі 2022 жылы басталған. Ол кезде 50-ге жуық ит желден, жаңбырдан және қыстың суығынан қорғай алмайтын уақытша торларда тұрған. Мұны білген Джей-Хоуп жаңа торқора салуға қаржы бөлген.

Әншінің үлгісін жанкүйерлері де жалғастырып жүр. Ақпанда Джей-Хоуптың «Кэрри-Хоуп» фан-клубы баспанаға 4,35 млн вон (шамамен 1,4 млн теңге) аударды, ал наурызда BTS жанкүйерлері тағы 2,5 млн вон (шамамен 830 мың теңге) берді.

Джей-Хоуп — әлемдегі ең танымал K-pop топтарының бірі BTS-тің рэпері әрі бишісі. Ол қайырымдылықпен үнемі айналысады: биыл ақпанда туған күнінде балалар мен жануарларға көмекке 350 млн вон (шамамен 116 млн теңге) берді. BTS наурызда бесінші студиялық ARIRANG альбомын шығарып, қазір әлемдік гастрольде жүр: алда Гаосюн, Бангкок, Куала-Лумпур, Сингапур және Джакартадағы концерттер бар. Жақында Ви топтың жылдық марапаттарға неге қатыспайтынын айтты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз