Мазмұнға өту
2026 жылғы 23 қараша, дүйсенбі

Алина Ри «Әлем аруы» сахнасына 4,5 метрлік бүркіт қанатымен шықты

Механикалық қанаты, қолмен кестеленген өрнегі мен 10 мыңнан астам тасы бар киімді жасауға жарты жылдай уақыт кеткен.

Алина Ри в национальном костюме с крыльями беркута на «Мисс Вселенная – 2026»
Фото: Instagram/missqazaqstan.kz

75-ші «Әлем аруы – 2026» байқауында Қазақстан атынан қатысып жүрген Алина Екатеринечева (Ри) ұлттық киімдер көрсетіліміне «Алтын бүркіт: Қазақстан рухы» бейнесінде шықты. Киімнің механикалық қанаттарының ұзындығы 4,5 метрге жетеді. Сахнаға шыққан сәтті Miss Qazaqstan ұлттық байқауы Instagram парақшасында жариялады.

Киімді жасаушылардың айтуынша, оған алты айдай уақыт кеткен. «Елестетіп көріңізші: 10 000-нан астам тас, қолмен кестеленген өрнек, бес метрлік етек және ерекше әшекейлер», — деп сипаттады олар. Сахнада Алина Қазақстанның мемлекеттік туын да көтерді.

Қазақстандықтар бейнені қызу қарсы алды. «Қазақстанның MU тарихындағы ең үздік киімі», — деп жазды пайдаланушылардың бірі. «Биылғы ұлттық киім керемет. Жарайсың, Алина!» — деді тағы біреуі.

Байқаудың финалы 24 қарашаға белгіленген. Алина Ри — шымкенттік модель, Miss Qazaqstan 2025 титулының иегері. Ол 14 жасынан бері сән көрсетілімдері мен жарнамада жұмыс істеп келеді, Damiani және Guess сияқты халықаралық брендтермен бірлесіп жұмыс істеген.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз