Жастар арасындағы (U-22) екі дүркін Азия чемпионы Аман Қонысбеков Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке дайындалуына көмектесіп жүр. Боксшы Instagram-да спаррингтен кейін түскен бірнеше ортақ суретін жариялады — екеуі де боксшы киімінде. Бұл туралы алғаш Sports.kz жазды.
«Жәнібек ағамен спарингтер өткізіп жатырмыз», — деп жазды Қонысбеков және Әлімханұлының парақшасын белгіледі. Міне, сол жарияланым:
Жанкүйерлер Қонысбековты шабуылшыл мәнері үшін «Қазақ Тайсоны» деп атайды. Ол Түркістан облысының намысын қорғайды, қараша айының басында Таразда өткен Қазақстан чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алды. Финалға жету жолында ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұлды 5:0 есебімен ұтты, бірақ шешуші жекпе-жекте алматылық Нұрбек Мұрсалға төрешілердің бірауызды шешімімен жол берді.
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Әлімханұлы (17-0, 12 КО) екінші орта салмақта алғаш рет жұдырықтасуға әзірленіп жатыр. 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында ол жеңіліс көрмеген жергілікті боксшы Якоб Банкпен (20-0, 11 КО) кездеседі, сында — WBO бос белбеуі. Қазақстандық үшін бұл соңғы екі жылға жуық уақыттағы алғашқы жекпе-жек болмақ.



