Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

Қазақстан мен Ресей 2027 жылға рұқсат бланкілерін келісті

Екі елдің тасымалдаушылары биыл да қосымша бланк ала алады: тараптар 2026 жылға қосымша алмасу туралы алдын ала уағдаласты.

Вице-министр транспорта Казахстана Максат Калиакпаров на переговорах в Москве
Фото: Министерство транспорта РК

Қазақстан мен Ресей 2027 жылға арналған халықаралық автомобиль тасымалына рұқсат бланкілерімен алмасуды, сондай-ақ тасымалдаушылардың қажеттілігін ескеріп, 2026 жылға қосымша алмасуды алдын ала келісті. Уағдаластыққа Мәскеудегі келіссөзде қол жеткізілді, деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі.

Қазақстан делегациясын көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров бастады. Ол Ресей Көлік министрлігінің басшылығымен халықаралық автотасымалды дамыту және рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселесін, ал Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары қауымдастығымен (АСМАП) екі елдің жүргізушілері мен компаниялары тап болатын қиындықтарды, оларды шешу жолдарын және салалық қауымдастықтардың алдағы бірлескен жұмысын талқылады.

Рұқсат бланкілері бір елдің жүк көліктеріне екінші елдің аумағы арқылы халықаралық рейстердің жекелеген түрлерін орындауға мүмкіндік береді, ал олардың санын мемлекеттер жыл сайын келіседі. Қазақстан биыл Беларусьпен де осындай уағдаластыққа келді: тараптар тасымалдаушыларға 5 мың рұқсат қосып, 2027 жылғы квотаны алдын ала келісті. Бұған дейін Құрылтай халықаралық автомобиль жүк тасымалы үшін электрондық жүкқұжат туралы хаттаманы ратификациялаған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз