Мазмұнға өту

Юлия Путинцева Гарвард бизнес мектебінде оқи бастады

31 жастағы теннисші қандай бағдарламаны таңдағанын нақтыламады.

Казахстанская теннисистка Юлия Путинцева на территории Гарвардского университета в Бостоне

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Бостон қаласындағы Гарвард бизнес мектебінде оқи бастады. WTA рейтингінде 64-орында тұрған 31 жастағы спортшы 7 қарашада Instagram парақшасында кампус аясында түскен бірнеше суретін жариялады. Ол суреттерге «Студентка» деп жазып, #harvard хештегін қойды.

Юлия Путинцеваның Гарвардтан бөліскен суреттері:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Гарвард бизнес мектебі – Гарвард университетінің құрамындағы әлемге әйгілі бизнес мектептерінің бірі. Мұнда толық MBA бағдарламасымен қатар басшыларға арналған қысқа курстар да өтеді. Бұрын осы жолды Үлкен дулыға турнирлерін бес рет жеңген ресейлік Мария Шарапова таңдаған еді. Ол 2016 жылы дисквалификацияда жүргенде Гарвардта менеджмент және көшбасшылық курсынан өткен.

Путинцева Мәскеуде туған, 2012 жылдан бері Қазақстан намысын қорғап келеді. Қазір ол әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинадан кейінгі елдегі екінші ракетка. Үлкен дулыға турнирлеріндегі ең жақсы нәтижесі – үш рет ширек финалға шығуы: 2016 және 2018 жылдары Roland Garros-та, 2020 жылы US Open-да.

2026 жылғы маусым ол үшін медальға толы болды. Жапониядағы Азия ойындарында Путинцева жекелей сында қола медаль алып, кейін Анна Данилинамен бірге жұптық сында да қола жүлдеге ие болды. Қазан айының соңында Токиодағы WTA турнирінде ол Мария Саккариді жеңіп, екінші айналымда Рыбакинамен кездесті.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз