Мазмұнға өту

Қайпанов Рассадинді ойсырата жеңіп, жартылай финалға шықты

Финалға шығу үшін қазақстандық балуан 2024 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңген жапониялық Ёсиносукэ Аоягимен күреседі.

Нуркожа Кайпанов на чемпионате мира по вольной борьбе в Астане

Қазақстандық еркін күрес балуаны Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 31 қазанда 74 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда ол Тәжікстан балуаны Виктор Рассадинді 11:0 есебімен жеңді. Біріккен күрес әлемінің (UWW) ережесі бойынша айырма 10 ұпайға жеткенде белдесу мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Жартылай финалда қазақстандық балуанға жапониялық Ёсиносукэ Аояги қарсы шығады. Бұл жұптың жеңімпазы финалға жолдама алып, кемінде күміс медальді қамтамасыз етеді, ал жеңілген балуан қола медаль үшін күреседі.

Қайпанов турнирде әзірге бір де ұпай жіберген жоқ. Алғашқы белдесуде ол Косоводан келген Эгзон Джониді 10:0 есебімен, 1/8 финалда әзербайжандық Туран Байрамовты 4:0 есебімен ұтты.

Қазақстандық балуан Аоягимен 2024 жылы Тиранада өткен әлем чемпионатының финалында кездескен. Сол жолы Қайпанов олимпиадалық емес 70 келі салмақта жеңіп, әлем чемпионы атанды. 28 жастағы балуан үш мәрте Азия чемпионы атанған, сондай-ақ 2019 жылы Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында күміс, 2025 жылы Загребте қола медаль жеңіп алған. Осы маусымда ол Жапонияда өткен Азия ойындарында жартылай финалға дейін жетті.

Әлем чемпионаты Астанада 24 қазаннан 1 қарашаға дейін өтеді. Сол күні құраманың тағы бір көшбасшысы, үш дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков 92 келіге дейінгі салмақта бейнеқайталаудан кейін ширек финалда жеңілді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз