Мазмұнға өту

Дәукенов Болгарияда 2021 жылдан бері алғаш рет жеңілді

Бұған дейін қазақстандық боксшы қатарынан он жекпе-жекте жеңіске жетсе, оның қарсыласы, 30 жастағы болгар Йосиф Панов кәсіпқой рингтегі 29-жеңісін тіркеді.

Бой Даулета Даукенова и Йосифа Панова в Плевене

Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов 8 қарашада Плевендегі «Балканстрой» залында өткен SLYBET Fight Night кешінің басты жекпе-жегінде болгар Йосиф Пановқа жеңілді. Жартылай орта салмақтағы белдесу он раундқа толық созылып, жеңісті Пановқа төрешілер берді. Дәукенов 2021 жылғы ақпаннан бері алғаш рет жеңіліс тапты: бұған дейін ол қатарынан он жекпе-жекте жеңген еді.

Панов жекпе-жекті жақсы бастап, бірінші раундта-ақ қарсы сол қол соққысымен қарсыласын есеңгіретті. Екінші раундта қарқын үдеп, боксшылар орта және жақын қашықтықта соққы алмасты. Соңғы раундтарда болгар сақ қимылдап, белдесуді ұпай бойынша жеңіспен аяқтады. Жекпе-жекте нокдаун болған жоқ, атақ сарапқа салынбады.

Осы кездесуден кейін Дәукеновтің кәсіпқой рингте 18 жеңісі бар, оның сегізі нокаутпен, ал жеңілісі үшеу болды. 30 жастағы Панов қосалқы UBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы әрі Плевеннің құрметті азаматы. Ол төрт жеңіліске қарсы 29-жеңісін тіркеді. Бұған дейін болгар сәуірде рингке шығып, венесуэлалық Хоникер Товарды бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан.

Пановпен жекпе-жек қазан айында белгіленген еді. Бұл Дәукеновтің 18 сәуірден бергі алғашқы белдесуі болды. Сол күні Прагада ол словак Лукаш Пасторекті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.

Соңғы жылдары қазақстандық боксшы негізінен Еуропада өнер көрсетіп жүр. 2024 жылғы желтоқсанда ол Астанада өткен алғашқы Fight Nights Boxing турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіп, қосалқы WBL белбеуін иеленді. Ал 2020 жылы Минскіде бірінші жартылай орта салмақта WBA East Asia атағын жеңіп алған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз