Қазақстан футбол федерациясы Премьер-лиганың 2027 жылғы маусымы қолданыстағы ережелер бойынша, соның ішінде легионерлерге қойылатын қазіргі талаптармен өтетінін ресми түрде мәлімдеді. Регламенттегі ықтимал өзгерістер 2028 жылғы маусымнан ерте күшіне енбейді. Бұл туралы ҚФФ-ның 27 қарашадағы ресми мәлімдемесінде айтылған.
Қазақстан футболы тәрбиеленушілері мен шетелдік ойыншылардың санына қойылатын талаптарды талқылау үшін федерация ҚФФ пен кәсіби клубтар өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құрады. 2027 жылғы маусым барысында топ клубтардың ұсыныстарын зерделеп, ҚФФ Атқару комитетіне ұсынымдар әзірлейді. Нәтижесінде федерация клубтардың да, ұлттық құраманың да мүддесін ескеретін ұзақ мерзімді регламент бекітпек.
ҚФФ чемпионаттың қолданыстағы регламенті бірден үш маусымға — 2025, 2026 және 2027 жылдарға бекітілгенін еске салды. Сол күні ертерек AmanVIBE инсайдері ҚПЛ-2027-де лимит тоғыз легионер деңгейінде қалатынын хабарлаған, ал ASnews.kz шетелдіктер квотасын қайта талқылайтын клуб өкілдерінен құралған комиссия туралы жазған еді — толығырақ.



