Мазмұнға өту
2026 жылғы 24 қараша, сейсенбі

«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Пястқа» 0:2 есебімен ұтылды

Алматылық команда екі голды бірінші таймда екі минуттың ішінде жіберіп алды, жауап ойын 4 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Игрок АФК «Кайрат» Рафао в матче с «Пястом»

Алматының «Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойынында Польшаның «Пяст» командасына 0:2 есебімен жеңілді. Кездесу 23 қарашада кешке Гливицедегі «PreZero Арена» спорт кешенінде өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның тағдыры бірінші таймдағы екі минутта шешілді. 15-минутта Томаш Крезель есеп ашты, ал 17-минутта үй иелері тағы бір гол соқты. Үзілістен кейін гол болған жоқ, енді алматылықтарға екі доптың есесін қайтару керек.

«Қайраттың» бас бапкері Густаво Парадеда мына құраммен шықты:

  • негізгі бестік: Жоао Пауло, Рашит, Герейханов, Кайо Руис, Рафао;
  • қосалқы ойыншылар: Шарапиденов, Ногейра Гонсалвеш, Дарибай, Иманбеков, Сейтнур, Валиуллин, Тоқаев, Да Кошта.

Ойынды эстониялық Григорий Ошомков бастаған төрешілер бригадасы жүргізді. Жауап кездесу 4 желтоқсанда Алматыда өтеді.

1/8 финалда Қазақстан атынан «Семей» клубы да ойнайды: ол 24 қарашада Украинаның «Атлетик» командасымен қонақта кездеседі, жауап ойын 5 желтоқсанға белгіленген. 1/8 және 1/4 финал жұптары екі ойын бойынша анықталады, ал турнирдің финалдық кезеңі 2027 жылғы 7 және 9 мамырда Швейцариядағы «Биль/Бьен» аренасында өтеді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз