«Комо» жартылай қорғаушысы Нико Пас Мадридтің «Реалына» оралуға қарсы, бірақ «Манчестер Юнайтедке» ауысуға дайын. Бұл туралы The Athletic хабарлады.
«Реалдың» 22 жастағы аргентиналықты келесі жазда 80 млн еуроға — шамамен 40 млрд теңгеге сатып алу құқығы бар. Алайда басылымның дерегінше, командада елеулі рөлге кепілдік болмаса, Пас мансабын басқа клубта жалғастырғанды жөн көреді. Нұсқалардың арасында жақын болашақта капитан Бруну Фернандешке алмастырушы қажет болуы мүмкін «МЮ» бар. Дегенмен дереккөз атап өткендей, ағылшын клубы ойыншы үшін бірінші таңдау болуы екіталай.
Пас «Комоға» «Реалдан» 2024 жылғы тамызда ауысқан және осы маусымда да Еуропаның ең жарқын жас ойыншыларының бірі. Аргентинада оны ұлттық құрамадағы Лионель Мессидің мұрагері деп санайды. Чемпиондар лигасында жартылай қорғаушы «Комо» «МЮ»-ды 4:1 есебімен талқандаған ойында дубль жасады.
«МЮ» жұма күні Фернандештің келісімшартын 2028 жылға дейін ұзарту опциясын іске қосты, осылайша капитанды тегін жоғалтып алмауды көздеді. Бұған дейін португалиялық клубтың жаңа келісімшарт туралы ұсыныстарын екі рет қабылдамаған.



