Континенттік хоккей лигасы 24 қарашада 6–7 ақпанда Минскіде өтетін КХЛ Жұлдыздар матчы — 2027 қатысушыларын таңдау үшін жанкүйерлер дауыс беруін бастады. Лиганың хабарлауынша, дауысты Хоккей жұлдыздары аптасының сайтында беруге болады.
Жанкүйерлер әр қатысушы командаға бір қақпашы, бір қорғаушы және екі шабуылшы таңдайды. Дауыс беру 2 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 14:00-де аяқталады. Одан кейін өз таңдауын БАҚ өкілдері жасайды, ал түпкілікті құрамдарды лиганың өзі жасақтайды.
Жұлдызды демалыс күндерінің бір қатысушысы белгілі болды. Минск «Динамосының» шабуылшысы Илья Усов Жұлдыздар матчына бірінші болып енді: жанкүйерлер оған дауыстардың 33 пайызын берді.
«Минск-Аренада» өтетін жұлдызды демалыс күндеріне билеттер 7 желтоқсанда сатылымға шығады. КХЛ Жұлдыздар матчы Беларусь астанасына 17 жылдан кейін қайта оралып отыр. Өткен Жұлдыздар матчын 2026 жылғы ақпанда Екатеринбургте KHL RUS Stars командасы жеңіп алған.



