Қазақстандық жұдырықтасушы Даурен Ермеков (22-8) ACA лигасындағы келесі жекпе-жегін болгар Никола Дипчиковқа (24-13) қарсы өткізеді. Орта салмақтағы бұл кездесуді ACA ресми түрде жариялады: жекпе-жек Санкт-Петербургтегі ACA 211 турнирінде өтеді, Sports.kz дерегінше — 25 желтоқсанда.
Лига бұл жекпе-жекті дивизион көшбасшыларының кездесуі деп бағалайды. «Орта салмақтың топ жұдырықтасушылары бетпе-бет кездеседі. Болгария өкілі — қауіпті финишер, бірақ Ермековтың да жауабы бар: оның есебінде нокаутпен де, сабмишнмен де алған жеңістер бар. Екі өршіл жұдырықтасушы және рейтингтегі орын сынға түседі!» — делінген ACA жарияланымында.
Лига анонсты Instagram-да екі жұдырықтасушының постерімен жариялады:
Дипчиков — салмақтағы ең қауіпті соққышылардың бірі: кәсіби ММА-дағы 24 жеңісінің 20-сын нокаутпен алған. Болгар соңғы жекпе-жегін маусымда өткізіп, ресейлік ардагер Александр Шлеменкоға екінші раундта мерзімінен бұрын жеңілді.
Ермеков соңғы рет шілдеде рингке шығып, жекпе-жекті ол да екінші раундта аяқтады — бразилиялық Рене Пессоаны (26-13) тұншықтыру әдісімен жеңді. Дипчиковты ұтса, қазақстандық ACA орта салмағының рейтингінде жоғары көтеріле алады.



