Мазмұнға өту

Stadler пойызы: жолсерік жолаушылардан жаңа вагондарды күтуді сұрады

Қуаныш Бакеновтің үндеуін «Жолаушылар тасымалы» АҚ қолдады, ал компания осы аптада жаңа вагондардың біріндегі дәретхана қағаз сүлгілер салдарынан істен шыққанын мойындаған еді.

Поезд Stadler на маршруте Астана — Алматы
Фото: Informburo.kz

Жаңа Sunqar Stadler пойызының жолсерігі Қуаныш Бакенов жолаушыларға тазалық сақтап, вагондарға ұқыпты қарауды сұрап үндеу жасады. Ол үндеуін Threads желісінде жариялады. Жазба жаңа вагондардың бірінде дәретхана күні бойы істемей қалғаннан кейін бірнеше күн өткен соң пайда болды.

«Сапар кезінде вагонда тазалық пен тәртіп сақтауларыңызды өтінеміз. Сіздерден кейін бұл пойызды басқа жолаушылар да пайдаланатынын ұмытпаңыздар. Артымызда тазалық пен жайлылық қалдыру – ортақ жауапкершілігіміз», — деп жазды жолсерік.

Жазбаға пойызға қызмет көрсететін ҚТЖ-ның еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пікір білдірді, деп назар аударды Kursiv. Компания жолсерікті қолдап, жолаушыларды теміржолшылардың еңбегін бағалауға және вагондарды күтуге шақырды. Сондай-ақ «Пойыздағы тазалық пен жайлылық — ортақ жауапкершілік» екенін, бұл пойыз бригадасы мен жолаушыларға бірдей қатысты екенін еске салды.

17 қарашада бір жолаушы Instagram-да бейне жариялады: Stadler вагондарының бірінде дәретханалар күні бойы істемеген. «Жолаушылар тасымалы» дәретхананың уақытша жабылғанын растады, ал диагностика оның қағаз сүлгілерден бітелгенін көрсетті. Компанияның айтуынша, ескерту белгілеріне қарамастан жолаушылар дәретхананы пайдалану ережесін бұзуды жалғастырып отыр: оған дәретхана қағазы, жеке гигиена құралдары және басқа да бөгде заттар түсіп, жабдық бұзылады.

Жолаушының Stadler вагонындағы істемей тұрған дәретхана туралы бейнесі:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Жаңа Stadler вагондары Астана — Алматы бағытындағы № 3/4 пойыздың құрамында жүреді. Пойыз алғашқы рейсіне 11 қарашада шықты. Ол «Нұрлы жол» вокзалынан сағат 13:10-да жөнеліп, Алматы-2 стансасына келесі күні сағат 08:30-да жетеді. Stadler пойыздарының орташа жылдамдығы және ҚТЖ тағы қанша вагон алатыны туралы airpress.kz бұған дейін жазған еді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз