2026 жылы өрт Қазақстанның мемлекеттік орман қорындағы 14,9 мың гектар аумақты шарпыды — бұл бір жыл бұрынғы 27,5 мың гектардан екі есеге жуық аз. Өрт қаупі жоғары маусымның қорытындысын Экология және табиғи ресурстар министрлігі шығарды.
Есесіне өрт саны артты: маусым ішінде ормандарда 902 өрт тіркелді.
2023–2026 жылдары орман шаруашылығы мекемелері 2204 бірлік арнайы техника алды. Ормандарды авиациялық қорғау 12 облыста жүргізіліп, әуе кемелерінің жалпы ұшу уақыты маусымда 6827 сағатқа жетті. Министрлік өрттің алдын алу, техниканы жаңарту, мамандар даярлау және өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу жұмысы жалғасатынын айтты.
Осы жазда орманшылар мен құтқарушылар, атап айтқанда, Сарқан ауданында 15 гектар аумақтағы өртті тікұшақ көмегімен сөндірді, ал «Алтынемел» ұлттық паркіндегі шатқалда өртті қолмен басты.



