29 қараша, жексенбі күні Алматыда қоғамдық көлікте күні бойы тегін жүруге болады. Қаланың Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының хабарлауынша, бұл тәртіп қалалық автобустардың, троллейбустардың және метроның барлық бағытына қолданылады.
Тегін жол жүру мәслихат депутаттарын сайлау күні енгізіліп отыр: осылайша тұрғындар мен қала қонақтарына сайлау учаскелеріне жету жеңілдейді. Басқарма сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.
29 қарашада ел бойынша 10 338 сайлау учаскесі ашылады. Қала мұндай шараны жазда да енгізген: 23 тамызда, Құрылтай сайлауы күні алматылықтар қоғамдық көлікте тегін жүрді. Басқа күндері жол ақысы қолданыстағы тариф бойынша төленеді.



