Мазмұнға өту
2026 жылғы 23 қараша, дүйсенбі

Оманда жол апатынан төрт қазақстандық зардап шекті

Апат 15 қарашада Қазақстаннан барған отбасы демалып жүрген Салала қаласында болған.

Министерство иностранных дел Казахстана
Фото: МИД РК

Оманда жол-көлік оқиғасынан төрт Қазақстан азаматы зардап шегіп, ауруханаға түсті. Қазақстан дипломаттары оларға консулдық көмек көрсетіп жатыр, деп ҚР СІМ 23 қарашада Kazinform агенттігіне хабарлады.

Апат 15 қарашада отбасы демалып жүрген Салала қаласында болған. ЖКО-ға төрт туыс түскен: әже, ата, олардың қызы және кәмелетке толмаған немересі. Бәрі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Апаттың мән-жайы мен зардап шеккендердің жай-күйін ведомство нақтыламады.

СІМ мәліметінше, дипломаттар емдеуші дәрігерлермен байланыста. «Қазіргі уақытта азаматтарымызды Қазақстанға қайтару мәселесі шешілуде. Жағдай ҚР СІМ бақылауында», — деді министрлікте.

Салала — Араб теңізі жағалауындағы қала, Оманның оңтүстігіндегі Дофар провинциясының орталығы.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз