Мазмұнға өту

Төреғали Төреәлі көп әйел туралы жазбадан кейін жарына ән арнады

«Сен сағын» әнінің сөзін Қалқаман Сарин, әнін Алмас Мұхтарұлы жазған.

Торегали Тореали с женой Толкын Турарбеккызы
Фото: Instagram/toregalitoreali

Төреғали Төреәлі «Сен сағын» атты жаңа ән шығарып, оны жары Толқын Тұрарбекқызына арнады. Әннің үзіндісін әнші 18 қарашада Instagram парақшасында жариялады, бұл туралы алғаш Azattyq Ruhy порталы хабарлады. Премьера әншінің Threads желісіндегі көп әйел алу туралы жазбасынан он күн өткен соң жарық көрді.

Әннің сөзін Қалқаман Сарин, әнін Алмас Мұхтарұлы жазған. Бейнежазбада Төреәлі көлік ішінде отырып жарына хабарлама жазады, ал жары оны үйде күтіп отыр. Жазбаның астында әнші ерлі-зайыптылар бір-бірін өмір бойы сүюі керек, қалғаны өздігінен шешіледі деген ойын жазды.

Instagram-дағы жарияланымды қарау

8 қарашада Төреәлі Threads желісінде: «Екі әйел дегенің не деген ақымақтық! Осылай үш, тіпті төрт әйел де алуға болады ғой!» – деп жазды. Бұл жазба қазнет қолданушыларын шулатты: біреулер әнші көп әйел алуды насихаттап отыр деп ойласа, енді біреулер аккаунттың оған тиесілі екеніне күмән келтірді. Төреәлі бұған дейін де жарымен екінші әйел алу мүмкіндігін ашық талқылайтынын айтқан.

Төреғали Төреәлі – Қазақстандағы ең танымал әншілердің бірі. Бұған дейін жарына арнаған «Толқыным» әні оның басты хиттерінің біріне айналды. Ерлі-зайыптылар жеті бала тәрбиелеп отыр.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз