Мазмұнға өту

Энн Хэтэуэй үшінші рет ана атанды: дүниеге қыз келген болуы мүмкін

Актрисаның қызы туғанын «Шайтан Prada киеді 2» фильмінің костюм суретшісі Молли Роджерс Instagram-да аңғартып қойды, ал Хэтэуэйдің өзі баланың жынысын әлі айтқан жоқ.

Актриса Энн Хэтэуэй
Фото: SBIFF

Америкалық актриса Энн Хэтэуэй үшінші баласын дүниеге әкелді. 17 қарашада 44 жастағы жұлдызды Нью-Йоркте серуендеп жүрген жерінен суретке түсірді: ол жаңа туған нәрестені кеудесіне слингпен байлап алған. Бұл суреттерді алғаш болып TMZ жариялады. People журналының дереккөздері актрисаның ана атанғанын растады. Нәресте нақты қашан туғаны белгісіз.

Баланың жынысын «Эмми» иегері, Хэтэуэймен бірге «Шайтан Prada киеді 2» фильмінде жұмыс істеген костюм суретшісі Молли Роджерс аңғартып қойған сияқты. Ол Instagram-дағы сторисіне құрақ көйлек пен қалпақ киген ойыншық аюдың суретін салып, былай деп жазды: «Мақтаныш сезімі мол ана @annehathaway-ді отбасының жаңа мүшесімен құттықтаймын… қызымен!»

Хэтэуэйдің өзі де, оның өкілдері де баланың тууына ресми түрде пікір білдірген жоқ. Актриса нәрестенің есімін де, суретін де жарияламады.

Бұл — Хэтэуэй мен оның жұбайы, продюсер Адам Шульманның үшінші баласы. Жұптың 10 жастағы Джонатан және 6 жастағы Джек есімді ұлдары бар.

Актриса үшінші рет жүкті екенін маусым айында жариялаған еді: Instagram-ға дөңгеленген ішін көрсеткен видео салды. Кейін Сет Майерстің шоуында жүктілік жоспарланған болса да, өзі үшін тосын сый болғанын айтып, оны матчтың соңғы секундындағы лақтырысқа теңеді.

Энн Хэтэуэй «Байғұстар» мюзикліндегі рөлі үшін «Оскар» алған. Көрермендер оны «Шайтан Prada киеді», «Интерстеллар» және «Тағылымдамашы» фильмдерінен таниды. 2026 жылы ол Кристофер Ноланның «Одиссея» фильміне және «Шайтан Prada киеді» фильмінің жалғасына түсті.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз