Владимир Тарасенконың КХЛ-дегі мүддесін білдіретін хоккей агенті Алексей Дементьев Стэнли кубогының екі дүркін иегері мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін екенін жоққа шығармады. Шабуылшы КХЛ-ге ауыса ала ма деген сұраққа Дементьев қысқа жауап берді: «Ештеңе жоққа шығарылмайды». Ол бұл туралы «Чемпионатқа» берген сұхбатында айтты.
Қазір 34 жастағы Тарасенко НХЛ-де клубсыз жүр. Бұған дейін ол «Флорида Пантерздің» кэпхиті — жалақы шегін есептеуге арналған келісімшарттың орташа жылдық сомасы — 850 мың доллар (шамамен 389 млн теңге) болатын ұсынысын қабылдамағаны туралы ақпарат шыққан.
Өткен маусымды ресейлік хоккейші Кирилл Капризовпен бірге «Миннесота Уайлдта» өткізді. Тұрақты чемпионаттың 75 матчында ол 47 (23+24) ұпай жинады, пайдалылық көрсеткіші — «-11».
Тарасенко — Новосибирск «Сибирінің» түлегі: ересектер хоккейіндегі алғашқы ойынын осы клубта өткізіп, кейін СКА сапында ойнаған. НХЛ-ге ол 2012 жылы аттанып, Стэнли кубогын екі рет жеңіп алды — 2019 жылы «Сент-Луиспен», 2024 жылы «Флоридамен».



