Мазмұнға өту

Алматы хирургтары бүйрегі кеуде қуысында болған нәрестені құтқарды

Үш айлық баланың сирек кездесетін туа біткен ақауы шағын тесіктер арқылы түзетілді, қазір сәби үйінде, отбасының қасында.

Детские хирурги ДГКБ №2 Алматы, прооперировавшие трёхмесячного ребёнка с врождённой диафрагмальной грыжей
Фото: Министерство здравоохранения РК

Алматыдағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының хирургтары туа біткен диафрагмалық жарығы бар үш айлық нәрестеге ота жасады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, баланың ішегі, көкбауыры және сол жақ бүйрегі кеуде қуысында орналасып, өкпесін қысқан, сондықтан оның тыныс алуы қиындаған.

Мұндай патология кезінде құрсақ қуысындағы ағзалар диафрагмадағы тесік арқылы кеуде қуысына ығысады. Бұл баланың жағдайын сол жақ өкпесінің толық жетілмеуі одан әрі ауырлатқан.

Пациенттің жасына қарамастан, дәрігерлер ашық ота емес, торакоскопия жасады: кеуденің шағын тесіктері арқылы ағзаларды орнына қайтарып, диафрагманың тұтастығын қалпына келтірді. Осыдан кейін сол жақ өкпе жазылды. Отаға тікелей қатысқан аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Марат Қаптағаевтың айтуынша, мұндай жастағы пациентке торакоскопиялық ота жасау ерекше дәлдік пен тәжірибені талап етеді.

Отадан кейін бала реанимация және қарқынды терапия бөлімінде мамандардың тәулік бойғы бақылауында болды. Қазір оның жағдайы тұрақтанып, сәби үйіне, туыстарының қасына оралды.

MSD медициналық анықтамалығының дерегінше, туа біткен диафрагмалық жарық шамамен 4 мың нәрестенің біреуінде кездеседі. Жақында Алматы хирургтары қонаққа келген ер адамды асқазан ісігінен құтқарған еді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз