Мазмұнға өту

Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды

Бұл жүлде үй иелерінің турнирдегі төртінші, ал әйелдер күресіндегі алғашқы медалі болды, өйткені бұған дейінгі үш қоланы ер балуандар алған.

Зейнеп Баянова на чемпионате мира по борьбе 2026 года в Астане

Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында 50 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды. 28 қазанда үшінші орын үшін өткен белдесуде ол беларусь балуаны Наталья Варакинаны 6:1 есебімен ұтты.

Бұл — Қазақстан құрамасының үй алаңындағы чемпионатта алған төртінші медалі әрі әйелдер күресіндегі алғашқы жүлдесі. Бұған дейін турнирдің қола жүлдегері Бағдат Сабаз, Исхар Құрбаев және Айдос Сұлтанғали атанған.

Баянова турнирді өзбекстандық Актенге Кеунимжаеваны 7:3 есебімен жеңуден бастады. Ширек финалда ол моңғол балуаны Отгонжаргал Долгоржавтан 5:4 есебімен басым түсті, ал жартылай финалда үнді спортшысы Ниламға 3:7 есебімен жол берді. Варакина да үнді балуанынан 0:6 есебімен жеңіліп, қола үшін белдесуге жұбаныш турнирі арқылы шықты. Біріккен әлем күресі (UWW) ережесі бойынша әр салмақта екі қола медаль беріледі.

Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен әлем чемпионаты — бұл спорт түріндегі маусымның басты турнирі. Ол Астанада 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатыр. Баянова 23 жаста, UWW әлемдік рейтингінде өз салмағында тоғызыншы орында тұр.

Әлем чемпионатының алдында ғана Баянова Жапонияда өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Бұл қазақстандық әйелдер күресінің Азиада-2026-дағы алғашқы медалі еді. 2025 жылы ол Амманда өткен Азия чемпионатында да қола алған.

Бұған дейін үй алаңындағы чемпионатта Бағдат Сабаз қола алды. Басқа қазақстандық балуандардың да медаль алуға мүмкіндігі бар: Жамила Бақбергенова қола үшін белдеседі, ал Ирина Кузнецова 29 қазанда жұбаныш турнирінде күреседі.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз