Мазмұнға өту

Юи Сусаки бесінші рет күрестен әлем чемпионы атанды

Астанадағы финалда жапониялық балуан жартылай финалда қазақстандық Зейнеп Баянованы ұтқан үндістандық Ниламды жауырынымен жықты.

Японская борчиха Юи Сусаки в финале ЧМ-2026 в весе до 50 кг в Астане

Жапониялық балуан Юи Сусаки Астанадағы әлем чемпионатында 50 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті. 28 қазанда өткен финалда ол үндістандық Ниламды жауырынымен жығып, мансабындағы бесінші әлем чемпионы атағын иеленді.

Сусаки жартылай финалда қытайлық Фэн Цзыциді 9:0 есебімен ұтты. Нилам өз жартылай финалында қазақстандық Зейнеп Баянованы 7:3 есебімен жеңді. Кейін Баянова белорусь балуаны Наталья Варакинаны жеңіп, қола медаль алды. Бұл — үй алаңындағы чемпионатта Қазақстанның әйелдер күресіндегі алғашқы жүлдесі.

Сусаки 27 жаста. Ол бұған дейін 2017 жылы Парижде 48 келіге дейінгі салмақта, 2018 жылы Будапештте, 2022 және 2023 жылдары Белградта әлем чемпионы атанған. Токио олимпиадасында жапониялық балуан қарсыластарына бір ұпай да бермей алтын алды. 2024 жылғы Париж ойындарында алғашқы айналымда үндістандық Винеш Пхогатқа жеңіліп, соңында қола медаль иеленді.

Біріккен күрес әлемі (UWW) Instagram парақшасында Сусакидің жеңісі туралы жазба жариялады:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен әлем чемпионаты — осы спорт түріндегі маусымның басты турнирі. Ол Астанада 24 қазаннан 1 қарашаға дейін өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының есебінде төрт қола медаль бар. Сол күні Нилуфар Раимова 57 келіге дейінгі салмақта қола үшін белдесуде жеңілді. Ал 72 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жеңілген Жамила Бақбергенова 29 қазанда үшінші орын үшін күреседі.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз