Мазмұнға өту

Алматы емханаларына дәрігерге жазылу шектеуін алу тапсырылды

Қабылдаудың қолжетімділігі жақсармаса, министрлік медициналық ұйым басшыларына қатысты басқарушылық шешім қабылдайтынын ескертті.

Заседание коллегии Управления общественного здравоохранения Алматы с участием министра здравоохранения

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы медициналық ұйымдардан дәрігерге электрондық жазылудағы шектеулерді алып тастауды, қабылдау кестесін үнемі жаңартып отыруды және емхана басшыларының көмектің қолжетімділігі үшін жауапкершілігін күшейтуді талап етті. Бұл тапсырмалар 30 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында берілді. Отырысқа Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп хабарлады министрлік.

Медициналық бақылау комитеті емханалардың дәрігерлер кестесін қалай жариялайтынын тексерген. Бірқатар ұйым, оның ішінде №35 қалалық емхана, «АСМЕД Мынбаева», Almaty Clinic және Open Medical Channel бұрын анықталған кемшіліктердің басым бөлігін түзеткен. Алайда кейбір медициналық ұйымдарда пациенттер тар бейінді мамандарға әлі де өз бетінше жазыла алмайды, ал дәрігерлердің жұмыс кестесінде қателер кездеседі.

Комитеттерге анықталған барлық бұзушылық бойынша тексеру жүргізіп, өз өкілеттігі шегінде шара қолдану тапсырылды. Мониторинг жалғасады, ал жағдай жақсармаса, басқарушылық шешімдер қабылданады. «Тапсырмаларды орындауға формальды көзқарасқа жол берілмейді», – деді Әлназарова. Министрдің айтуынша, медициналық ұйым басшыларының жұмысы ең алдымен пациенттерге көмектің қаншалықты қолжетімді екенімен бағалануы тиіс.

Жалпы елде учаскелік дәрігерлердің қабылдау уақыты 4 сағаттан 6 сағатқа дейін ұзартылып, медициналық көмек күту мерзімі 1–3 күнге дейін қысқарды. Мейіргерлердің функциялары кеңейіп, мейіргердің дербес қабылдауы дамып келеді. Елде 684 шұғыл медициналық көмек кабинеті ашылды, ал жеделдігі төртінші санаттағы шақыруларға 988 мобильді бригада шығады.

Сол күні Алматыда 250 төсектік онкология орталығының құрылысы басталды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз