Мазмұнға өту

Алатау маңындағы қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Зардап шеккен адам жоқ, ал құтқарушылар жанып жатқан қоқысты топырақпен көміп жатыр: полигондағы өрт әлі толық сөнген жоқ.

Тушение пожара на полигоне ТБО возле села Али в Алатау Алматинской области

30 қазанға қараған түні Алматы облысы Алатау қаласындағы Али ауылы маңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртенді. Жалын шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпыды, таңертеңге қарай өрт оқшауланды.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар жанып жатқан қоқысты топырақпен көміп, учаскеде рекультивация жұмыстарын жүргізіп, қалған ошақтарды сөндіріп жатыр.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өңірде қоқыс үйіндісі бірінші рет жанып отырған жоқ. 2025 жылғы қыркүйекте Алатаудағы қоқыс полигонында ірі өрт шығып, жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілген еді. Ол кезде өртті сөндіруге 200-ден астам адам мен 90-нан аса техника тартылды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз