Мазмұнға өту
2026 жылғы 24 қараша, сейсенбі

Урманов: Шайдоров кездесуге келмей, қоштасуды телефонмен айтты

Ресейлік бапкер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушымен он жылға жуық жұмыс істеп, оны Милан олимпиадасының алтынына дейін жеткізді.

Олимпийский чемпион по фигурному катанию Михаил Шайдоров
Фото: Gettyimages

Ресейлік бапкер Алексей Урманов олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровпен жолы қалай айырылғанын алғаш рет егжей-тегжейлі айтып берді. Оның сөзінше, Франциядағы сәтсіз турнирден кейін мәнерлеп сырғанаушы бетпе-бет әңгімелесуден бас тартып, бірлескен жұмысты тоқтататынын телефон арқылы хабарлаған. Урманов бұл пікірін «Бес Допинга» телеграм-арнасына берді.

Бапкер ақталуға ниетті емес. «Мен бұған ешнәрсе істеген жоқпын. Сондықтан қисынға салсақ, ақталып жатуым біртүрлі болар еді. Ештеңе істемеген адам не үшін ақталуы керек? Бар шындық тек Михаилдың басында», – деді ол.

Урманов Франциядағы турнирден кейін шәкіртін құшақтап, ол дайын болған кезде отырып, әрі қарай қалай жұмыс істейтінін талқылауды ұсынғанын еске алды. «Осыдан кейін спортшы менімен кездесуге келмеді, телефон соғып, қарым-қатынасымызды тоқтататын шығармыз деді», – деді маман.

Бірнеше күннен кейін олар бәрібір сөйлесті – бұл жолы да телефон арқылы. Шайдоров бапкеріне өзі үшін жасағанының бәріне алғыс айтты. «Мен: „Миш, он жылға жуық шынымен жақсы жұмыс істеп, олимпиаданың алтын медаліне жеткенімізге саған ризамын“ деп жауап бердім. Осымен бітті», – деп қосты Урманов.

Бапкердің пікірі жазылған бейнені «Бес Допинга» телеграм-арнасы жариялады:

Шайдоровтың Урмановпен қоштасқаны 19 қарашада белгілі болды. Мәнерлеп сырғанаушының жаңа бапкерінің есімі әзірге ресми түрде аталған жоқ.

Шайдоров Урмановтың жиынына алғаш рет 2017 жылғы қаңтарда, 12 жасында келген, ал 2018 жылдан бастап ресейлік маман оның тұрақты бапкері болды. Бірлескен жұмыстың басты нәтижелері:

  • жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс медалі (2022);
  • төрт құрлық чемпионатындағы жеңіс (2025);
  • әлем чемпионатының күміс медалі (2025) және Азия ойындарының қола медалі;
  • Милан-2026 олимпиадасының алтыны – мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның алғашқы олимпиадалық алтыны.
БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз